Бауыр жұмысын жақсартатын 3 тәсіл

Бауыр жұмысын жақсартатын 3 тәсіл
Фото: pixabay.com

Бауыр - жүректен кейінгі басты ағза. Интегративті нутрициолог, дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы бауырдың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін тәсілдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, бауырды улы заттардан тазалаған кезде темірдің де сіңімділігі де артады. 

Сонымен, бауыр жұмысын жақсартатын 3 тәсіл: 

  1. Ашығу - адам ағзасының қайта қалпына келуіне клеткалардың тез жасаруына, улы заттардан тазаруына көмектеседі;
  2. Смузи - қызылша, алма, балдыркөк секілді көкөніс пен жемістен бауырға пайдалы смузи жасап ішкен жөн;
  3. Сапалы жануар майларын тұтыну керек, олар бауыр мен өттің жұмысын жақсартады.

Айта кетейік, бұған дейін бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білуге болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам минутына неше рет көзін жыпылықтатады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә