"Кішкентайымнан балдақпен жүремін". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте тұратын отбасыға көлік сыйлады

"Кішкентайымнан балдақпен жүремін". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте тұратын отбасыға көлік сыйлады
Фото: instagram.com/chelovekvmaskee

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте жалдамалы бөлмеде тұратын отбасыға көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі баласы бар толық отбасы. Әкесінде оң жақ санның жаңа артрозы, 3-ші деңгейлі оң жақ диспластикалық коксаартроз. Ал анасының көрумен проблемасы бар: "-7", "-8". Мешітте жалдамалы бөлмеде тұрады.

Жігіт мешітте азаншы болып жұмыс істейтінін айтты.

"Үйім мешітте. Біз ол жерде бөлмені жалдап тұрамыз. Әйелім мен екі балам бар. Сол жерде мешітте азаншымын және қарақшымын. Екінші топ мүгедегімін, кішкентайымнан балдақпен жүремін. Әйелімнің көзінде ақауы бар. Бір көзі "-7", бір көзі "-8". Ота жасату керек", - дейді жігіт видеода.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт оның арманын сұрайды.

"Менің арманым? Өте қиын сұрақ. Салиқалы ұрпақ етіп өсірсем деймін", - деп жауап берді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт оның әйеліне ота жасатып беретінін және оған көлік сыйлайтынын айтады.

"Бұйырса жолдасыңыз көзіне ота жасайды. Алла Тағала бізбен сізді жай кездестірген жоқ. Бұл жаңа автокөлік сіздікі", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін қара бетперде киген жұмбақ жігіт әйелі қатерлі ісікке шалдыққан ер адамға көмектескенін жазған болатынбыз.

А. Жапатова