Жаңа жыл алдында не үшін үйді тазалау керек? Дәрігер кеңесі

Жаңа жыл алдында не үшін үйді тазалау керек? Дәрігер кеңесі
Фото: pixabay.com

Жаңа жылдық мерекелер алдында үйді толық тазалау дәстүрі көпшілік отбасыда бар. Ол отбасы мүшелерінің физикалық және психологиялық саулығы үшін пайдалы. Жаңа жыл алдында үйді тазалау арқылы жыл бойы жиналған қажет емес заттардан арылуға және үйдегі атмосфераны жайлы етуге болады. Бұл жайлы толығырақ аллерголог-иммунолог Елена Парецкая айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Артық эмоциялардан арылу

Үйді толық тазалау кезінде біз жиналып қалған қажет емес заттардан арыламыз. Бұл үйдің әр бұрышындағы ластық пен шаңнан арылуға да көмектеседі. Сондай-ақ ол артық және қажет емес эмоционалды жүкті өткен жылда қалдыруға мүмкіндік береді.

Қажет емес және бұзылған заттарды лақтыру арқылы біз қолданбайтын немесе бізге қуаныш сыйламайтын нәрселерден арыламыз. Яғни, солармен бірге жағымсыз эмоциялар мен естеліктерден де арыламыз. Бұл жағымды эмоцияларға және жаңа бастамаларға орын босатуға мүмкіндік береді.

Проблемалармен қоштасу

Жаңа жыл алдында үйді жинаудың тағы бір психологиялық себебі – миды өткен жылдың проблемаларынан тазарту. Жалпы үйді тазалау – қазіргі сәтке және болашаққа зейін қоюға көмектесетін ритуал.

Үй тазалау кезінде сізге өмірде алға жылжуға не кедергі келтіретіні жайлы ойлану және өз қалауларыңызды түсінуге тырысу пайдалы. Көз жұма салған немесе ішіңізге тереңге сақтап қойған нәрселермен қайтадан жұмыс істеңіз, себебі бұл сіздің жаңа жылда алға жылжуыңызға кедергі келтіруі мүмкін. 

Шаң мен аллергендерден арылу

Үйді толық тазалау арқылы біз үй ішіндегі микроклиматты жақсартамыз. Бұл дене саулығының жақсаруына көмектеседі. Әр бөлмеде көзге көрінбейтін шаң мен аллергендер, саңырауқұлақтар жиналатын бұрыш болады. Сондықтан барлық жерді бір тазалап шығу маңызды. Жапқыштарды бір жуып, аспашамдарды сүртіп алған жөн.

Шкафтарды реттеу

Жаңа жыл алдында киімдер мен аяқ киімдер жинаулы тұратын шкафтарды реттеп алған дұрыс. Ұзақ уақыт бойы мүлдем кимеген киімдеріңізді бөлек шығарып қойыңыз. Гардеробыңыздағы барлық затқа баға беріңіз. Мысалы, өлшемі сізге сай келмейтін және мүлдем кимейтін киімдерден арылыңыз.

Үйдегі заттардың жарамдылық мерзімін тексеру

Тұрмыстық химия, жууға және тазалауға арналған құралдардың жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Егер олардың аузы ашылған болса жәнеоларды ұзақтан бері қолданбаған болсаңыз, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен түрлерін лақтырыңыз. Олардың еш пайдасы жоқ, керісінше, зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ ескі сорғыш, дәке және щеткаларды жаңасына ауыстырыңыз.

Асүйге ерекше мән беру

Асүйде азық-түлік өнімдері сақталатындықтан және тамақ дайындалатындықтан, оны жақсылап тазалау маңызды. Барлық шкафтың ішіндегі және сыртындағы шаңды сүртіңіз, сөрелердегі барлық өнімдердің жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Сондай-ақ ыдыстарды бір тексеріп шығыңыз: жырылған, сынған, жуғанға кетпейтін дағы бар, ескі ыдыстардан арылыңыз.

Оқи отырыңыз: Қысқы демалыста оқушы балаңызбен қалай уақыт өткізуге болады? 10 идея

А. Жапатова