- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Толқып тұрмын". Бельгиялықтар...
"Толқып тұрмын". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы қуанышты жаңалығын жеткізді
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Бельгиялық отбасы асырап алған қазақтың баласы, 21 жастағы Эдди Жан ДНҚ нәтижесін күтіп жүргенін айтқан еді. Ол бүгін әлеуметтік желіде қуанышты жаңалықты жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгін болжамды екі ананың ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Аз уақыт қалды, мен дәл қазір толқып отырмын. Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін!", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да айтқан еді.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы