Қазақстандықтар 2024 жылы қалай демалады?

Қазақстандықтар 2024 жылы қалай демалады?
Фото: ru.freepik.com

2024 жылы Қазақстандағы мерекелердің көпшілігі жұма күніне түсетіндіктен, қатарынан үш күн демалу мүмкіндігі көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы Қазақстанда Жаңа жылда және Рождествода қалай демаламыз?

2024 жылғы Жаңа жылға арналған ресми демалыс күндеріне - 1 және 2 қаңтар, ал Рождествоға арналған ресми демалыс күнге 7 қаңтар жатады. 30 және 31 желтоқсан сенбі және жексенбі күндеріне келіп тұр, сондықтан аптасына 5 күн жұмыс істейтін адамдар үшін бұл қосымша демалыс күндер сыйлайды. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтін адамдар, өкінішке қарай 30 желтоқсан жұмыс істеуі керек.

2024 жылы Қазақстанда Жаңа жылда қалай демаламыз?

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2023 жылдың 30, 31 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында демаламыз;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2023 жылдың 30 желтоқсанында жұмыс істейміз, 31 желтоқсанда және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында демаламыз.

Содан соң 3, 4, 5 қаңтар – жұмыс күндері. Рождество жексенбі күнге түсіп тұр, бұл күн ауыспайды, сондықтан әдеттегідей, сенбі және жексенбі күні демаламыз. Алайда аптасына алты күн жұмыс істейтін адамдар 6 қаңтар күні де жұмыс істейді.

2024 жылы Қазақстанда Рождествода қалай демаламыз?

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жылдың 6 және 7 қаңтарында демаламыз;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2024 жылдың 6 қаңтары – жұмыс, ал 7 қаңтар – демалыс.

Қазақстандықтар 2024 жылы 8 наурызда және Наурыз мейрамында қалай демалады?

Көктемде қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндерден бөлек мерекелік күндері де демалады:

  • 2024 жыл 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – қосымша 1 күн;
  • 2024 жыл 21-23 наурыз (Наурыз мейрамы) – қосымша 3 демалыс күн.

2024 жылы 8 наурызда қалай демаламыз:

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 8, 9, 10 наурыз – демалыс күндер;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 8 наурыз – демалыс, 9 наурыз – жұмыс күні, 10 наурыз – демалыс.

2024 жылы Наурызда қалай демаламыз:

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 21, 22, 23, 24, 25 наурыз – демалыс күндер;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 21, 22, 23, 24 наурыз – демалыс, ал 25 наурыз – жұмыс күні.

Massaget.kz ұсынған 2024 жылға арналған күнтізбе

2024 жылы мамырда қалай демаламыз?

Мамырдағы барлық мерекелер аптаның ортасына (1 мамыр – сәрсенбі, 7 мамыр – сейсенбі, 9 мамыр – бейсенбі) түседі.

"ҚР мерекелері туралы" заңның 3-бабына сәйкес, мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні.

Осылайша, қазақстандықтар мамыр айында былай демалады:

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр – демалыс, 2, 3 мамыр – жұмыс, 4, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс, 11, 12 мамыр – демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр –демалыс, 6 – мамыр жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10, 11 мамыр – жұмыс, 12 мамыр – демалыс.

2024 жылы Құрбан айтта қалай демаламыз?

2024 жылы Құрбан айт мерекесі шамамен 16 маусымға сәйкес келеді, бұл күнді Еңбек министрлігі діни басқармамен бірлесіп белгілейді. Бұл күн жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

2024 жылы шілдеде Астана күніне қалай демаламыз?

6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады. Келер жылы бұл күн сенбіге түседі, сондықтан 5 күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні дүйсенбі - 8 шілдеге ауыстырылады және үш күн қатарынан демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндер 8 шілдеде жұмысқа шығады.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 6, 7 және 8 шілде – демалыс;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 6, 7 шілде – демалыс, ал 8 шілде – жұмыс күні.

2024 жылы Конституция күні қалай демаламыз?

30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мереке. 2024 жылы бұл күн жұмаға түседі, бұл қазақстандықтарға қосымша  демалыс күн сыйлайды.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс күндер;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 30 тамыз – демалыс, 31 тамыз – жұмыс күні, ал 1 қыркүйек – демалыс.

2024 жылы Республика күні қалай демаламыз?

Өткен жылы 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекені қайтарды. Бұл күн де 2024 жылы жұмаға сәйкес келеді және үш күн демалу мүмкіндігін береді.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 25, 26, 27 қазан – демалыс күндер;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 25 қазан – демалыс, 26 қазан – жұмыс күні, ал 27 қазан – демалыс.

2024 жылы Тәуелсіздік күнінде қалай демаламыз?

Жылдың соңғы мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. 2024 жылы Тәуелсіздік күні дүйсенбіге түседі.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 14, 15, 16 желтоқсан – демалыс;
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 2024 жыл 14 желтоқсан – жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан – демалыс күндер.
А. Жапатова