Мақпал Жүнісова Нұрқаділовке күйеуге тимесе, ең бай әнші болатын еді - Қалдыбек Құрманәлі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі "Сұрауы бар" бағдарламасында Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, Мақпал Жүнісова ең бай әнші болуы мүмкін еді. 

"Мақпал Жүнісова - тағдырлы әнші. Мақпал Жүнісова Нұрқаділовке күйеуге тимесе де, ол Халық әртісі болатын еді, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болатын еді. Қайта Нұрқаділовке тимегенде, ең бай әншінің бірі болуы мүмкін еді. Ол қайта Нұрқаділов тиіп, көп тойға бара алмай қалды, көпшілікке шыға алмай қалды. "Нұрқаділовке тигеннен кейін Халық әртісі атағын алды, сыйлық алды" деп айтатындар қателеседі. Мақпал - Алладан әнші болып туған адам. Ондай әнші жоқ. Ол әндерін керең естейтіндей, соқыр көретіндей, мылқау сөйлейтіндей айтады. Ол Нұрқаділовке барып, "мені алшы" деп айтқан жоқ қой. Нұрқаділов оны ұнатып алды. Әр заманда аңыз ретінде қалатын адамдар болады. Мына біздің ғасырда "Заманбек-Мақпал" деген дастан болады, бұл туралы кинолар түсіріледі. Бір қаланы басқарып отырған адам өзінен 20 жас кіші әншіге ғашық болды деп қалады. Мақпал Жүнісова Нұрқаділовке тигеннен кейін Мақпал болған жоқ, ол Мақпал Жүнісова болып танылып қойған. Ол барғаннан кейін әнші болған жоқ", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің бөлмесін көрсеткен еді. 

Әнші жақындарының басын қосып, Заманбек Нұрқаділовтің бөлмесі мен жеке заттарын көрсетті. 

"Зәкең отырған орындығы, ойнаған бильярды, жатқан төсегі, портреттері бәрі сол қалпында қалды. Зәкеннің дүниесін мүлдем қолданып жатқан жоқпыз. Бәрі сол қалпында қалды. Ол кісінің алған барлық затын сақтап отырмыз. Осы үйге 2001 жылы кіргенбіз. 2002 жылы Мерейді бауырымызға бастық. Осы үйді Мерейге деп атаған. "Мерейді осы үйден ұзатамын" дейтін", - деді Жүнісова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!