"Қуаныштан бір жылап алдым". Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына қандай сыйлық жасағанын көрсетті

"Қуаныштан бір жылап алдым". Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына қандай сыйлық жасағанын көрсетті
Фото: instagram.com/saltay_amanbek

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына не сыйлағанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"60 миллион теңгелік сыйлығы осы! Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір үлкен жетістігім - осы! Қуаныштан бір жылап алдым! Аллаға сансыз шүкір! Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет! Тілекші халқыма үлкен алғыс! Жұғысты болсын! Әмин!" - деп жазған ол. 

Әнші оқырмандарына "балаларыңызға пәтер сыйлау, ата-аналарыңызға 400 шаршы метр үй салып беру бұйырсын" деп тіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MOLDIR AUYELBEKOVA (@moldir.auyelbekova)

Желі қолданушылары Мөлдір Әуелбекованы құттықтап пікір қалдырған. 

"Құтты болсын! Бізге де балаларымызға осындай сыйлық жасау бұйырсын!" "Ең керемет сыйлық. IPhone-дарға карағанда. Ең керегі үй ғой", "Бізге де бұйырсын, құтты болсын! Жарайсың! Құтты, берекелі шаңырақ болсын. Іші жанға, сырты малға толы үй болсын. Үйсіз жүрген барша қазаққа осындай су жаңа үй бұйыртсын", - деп жазған олар.

Еске салайық, бұған дейін әнші ұлына 60 миллион теңгелік сыйлық жасағанын айтқан еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек