"Біздің сары бала". Қазақша ән орындаған гвардияшының видеосы Желіні жаулап алды

Антон Самойловтың "Сүйем сені ғана" әнін орындаған Александр Аверкиевтің видеосы TikTok-та дереу хитке айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көпшілігі ән айтып тұрған жігітке сүйсініп, "Біздің сары бала ғой" деп әзілдеген.

@averkiyev_98 Проверка, залетит ли… Если да, то все таки возьмусь вести полноценно тик ток) #сарыбалахит? #поет #музыка #караоке #казахстан?? ♬ оригинальный звук - Аверкиев Александр

Александр Аверкиев Tengri Life редакциясына берген сұхбатында видео басшысының туған күнінде түсірілгенін және ол TikTok-қа бір айдан кейін жүктелгенін айтты.

"Ұлттық гвардияның ән-би ансамблінің ерлер хорында қызмет етемін. Әріптестеріммен жетекшіміздің туған күнін караокеде атап өттік. Ән айту кезегі маған келгенде, әріптестерім түсіре бастады.

Олар "Менің жолым" әнін айтқанымды қалады, бірақ оны қосу мүмкін болмады. Өзім "Толқынымды" таңдадым, өкінішке қарай, ол да жоқ болып шықты. Соңында Антон Самойловтың әнін орындадым. Бұл әнді бұған дейін колледжде "педагог-музыкант" мамандығында оқып жүргенімде де айтқанмын. Әнді 2015 жылы жетекшім ұсынған еді", - дейді жігіт.

Видео қазірдің өзінде 750 мыңнан астам қаралым жинап, оған 3,5 мыңға жуық адам пікір жазған.

Желі қолданушылары "Акцентсіз, таза жүрекпен айтып жатыр, Ата-анасы керемет тәрбие берген, жақсылықты білетін азамат екен!", "Жарайсың! Осындай жігітіміз көп болсын", "Жарайсың. Қазақтар үлгі алыңдар. Ана тілінде сөйлеуге намыстанатын", "Өзіміздің сары домалақ қазақ баласы ғой" деп пікір жазып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!