"Сегізінші бала". Қызылордада алып сәби дүниеге келді

"Сегізінші бала". Қызылордада алып сәби дүниеге келді

Қызылордада салмағы алты келіге жуық алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлерінің айтуынша, бала 23 қарашада дүниеге келген. Балаға Қанағат есімі берілді. Туғандағы салмағы - бес келі 600 грамм, бойы 57 сантиметр болған.

"Жаңақорған ауданының 37 жастағы тұрғыны Айгүл Дүйсебаева жүктілігінің 42 аптасынан асқанда босанды. Сәби ота - кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қанағат - отбасындағы сегізінші бала. Қазір. Ана мен нәрестені жағдай жақсы", - деді облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары Гүлвира Сейтенбахова.

Дәрігерлер баланың салмағы төрт килограмнан асса үлкен, ал салмағы бес килограмнан асса, алып болып саналатынын айтты. 

"Облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері салмағы төрт келіден асатын 1546 сәби, салмағы бес келіден асатын 38 сәби дүниеге келген. Алып салмақпен дүниеге келген сәбилер ерекше күтім мен салмақты бақылауды қажет етеді", - деді орталық дәрігерлері.

Сәбидің анасының айтуынша, жаңа туған ұл - отбасындағы сегізінші бала. Балалардың үлкені 15 жаста, кішісі 4 жаста.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек