Астролог желтоқсанда кімдердің жолы болатынын айтты

Астролог желтоқсанда кімдердің жолы болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Астролог Влад Росс 2023 жылдың желтоқсан айында кімдердің жолы болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Unian-ға сілтеме жасап.

Шаян

Желтоқсан айында Шаян белгісінде дүниеге келген адамдардың жолы болады. Оларда махаббат тұрғысынан бәрі жақсы болады. Жалпы желтоқсанда оларды жағымды сыйлықтар күтіп тұр. Алайда денсаулыққа аса мән берген дұрыс.

Балықтар

Балықтар сапарларға шығуы немесе саяхаттауы мүмкін. Олар жаңа білім алуы мүмкін немесе біліктілігін арттыру бойынша курстардан сәтті өтеді. Егер бұрын шет тілін үйренуді бастап, бірақ орта жолдан тастап кеткен болсаңыз, желтоқсан - сабақтарды қайта бастауға қолайлы кезең.

Арыстан

Арыстандарда махаббат және қарым-қатынас жағынан бәрі жақсы болады. Сондай-ақ оларды шығармашылықта табыс күтіп тұр. Егер бұрыннан бері қандай да бір еңбек жазып жүрсеңіз, музыка шығарсаңыз, картина салсаңыз, оны әлемге жария ететін уақыт келді. Арыстандар жоғары жалақы беретін жаңа жұмысқа ауысуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Астролог қандай ер адамдармен қарым-қатынас құру қиын болатынын айтты

А. Жапатова