- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Түсіме де кірмейді"....
"Түсіме де кірмейді". Наркенже Серікбаева өмірден өткен жолдасы туралы алғаш рет айтты
Әнші Наркенже Серікбаева жақында өмірден өткен жолдасы туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жолдасымен бірге 4 жыл 7 ай өмір сүрген.
"Ол кісінің қандай екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол маған барлық нәрсені ұғындырып кетті. Еркелейтінмін, ренжитінмін. Оған тұрмысқа шықпай тұрып, қайсар, ер мінезді болатынмын. Әйел деген нәрсені ұғындырып кетті. 4 жыл 7 ай өмір сүріппіз. Жаман сөз айтып, қол көтерген емес. Бауырларыма да ауыр сөйлемеген. Анам оны қатты жақсы көрді. Жүрегім тыныш, түсіме де кірмейді. Ол жақтағы өмірі де жақсы шығар деп ойлаймын. Ол кісімен жүрген кезде "өнерді қояйын ба?" деп ойлайтынмын. Сол кезде "мен қарсымын" деп айтатын. "Сен домбыраңды тастама, баяғы жырларыңды айтшы" дейтін. Қайтқаннан кейін "өнерді қоямын" деген ой бар. Бірақ...", - деді ол.
Соңғы бейнебаянды түсіру жолдасының идеясы болған екен.
"Бейнебаянда біздің тағдырымыз бейнеленген. Бұл жолдасымның идеясы еді. Өзі сезді ме, осы бейнебаянды түсіргенше асықты. Ән тағдырыңа айналады деген рас екен", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы