Кімдерге аш қарынға су ішуге болмайды?

Кімдерге аш қарынға су ішуге болмайды?
Фото: pixabay.com

Суды көп ішу ағзаға пайдалы екенін жиі естиміз. Дәрігерлер әсіресе, таңертең аш қарынға су ішуге кеңес береді. Алайда кей аурулар кезінде аш қарынға су ішу асқынулармен аяқталуы мүмкін. Қандай жағдайда аш қарынға су ішуге болмайтынын гастроэнтеролог Рустем Садыков айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер"-ге сілтеме жасап.

Ересек адам үшін денсаулық формуласының бірі мынадай: дене массасының 1 килограмына 30 мл су. Қыста да адам ағзасына жеткілікті су мөлшері қажет. Себебі сұйықтықтың жетіспеуі ЖРВИ-мен ауыру қаупін арттырады: тыныс алу шырыштысы құрғап кетсе, ол вирустардан нашар қорғайтын болады.

Оған қоса, су ағзадағы уыттарды шығарады және тері жағдайын жақсартады. Сондай-ақ адам су көп ішкен кезде ол аштық сезімін басып тастайды. Сондықтан толыққанды су режимі арықтауға көмектеседі. Бірақ суды қалай дұрыс ішу керек? Оны тамақтан кейін әлде аш қарынға ішкен дұрыс па?

Түні бойы адамның денесі және терісі судың көп мөлшерін буға айналдырады. Нәтижесінде, таңертең ағза су жетіспеушілігінен қиналады, ал ол жүрек проблемаларына әкелуі мүмкін.

"Мұндай жағдайда жүрек қоюлау қанды айналдыру керек болады, ал ол жүрек бұлшықетіне үлкен күш түсіреді. Қанды сұйылту үшін таңертең 500 мл жылы су ішуді ұсынамын", - дейді дәрігер.

Оған қоса, жылы су өт жолдарының спазмын кетіруге, өттің және асқазан сөлінің жақсы өңделуіне  көмектеседі. Сол үшін таңғы ас алдында екі стақан жылы су ішсеңіз, күні бойы ас жақсы қорытылады.

Алайда кей адамдар үшін бұл ритуал зиян болуы мүмкін.

"Аш қарынға ішілген су қанды жылдам сұйылтады. Бұл бүйрек проблемасы, гипертония (жоғары қан қысымы) және өт-тас ауруы кезінде асқынуларға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда күнделікті сұйықтық нормасын өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесуіңіз керек", - дейді Рустем Садыков.

Дәрігердің айтуынша, судың температурасы мен оны ішу уақыты ғана емес, сондай-ақ оны қандай қалыпта ішетініңіз де маңызды.

"Су жақсы сіңуі үшін оны отырып ішу керек. Суды тұрып ішкен кезде ол ағзадағы сұйықтықтың тепе-теңдігін бұзып, артриттің дамуына әкелуі мүмкін", - дейді гастроэнтеролог.

Оқи отырыңыз: Хирург қатерлі ісіктің алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектесетін 5 кеңес берді

А. Жапатова