- Негізгі бет
- LifeStyle
- Хирург қатерлі ісіктің...
Хирург қатерлі ісіктің алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектесетін 5 кеңес берді
Американдық дәрігер Реза Тигари қатерлі ісіктің даму қаупін төмендететін бірнеше маңызды кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express-ке сілтеме жасап.
Хирург Реза Тигари қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін мынадай кеңестер берді:
- Темекіні тастаңыз;
- Дұрыс тамақтаныңыз және спортпен айналысыңыз;
- Өңделген еттен аулақ болыңыз;
- Қауіпсіз жыныстық қатынаспен айналысыңыз;
- Күннен қорғайтын крем қолданыңыз.
Дәрігер темекіден ғана емес, вейптер мен кальяннан да бас тарту керегін айтты.
Семіздік бірнеше қатерлі ісік түрлерімен байланысты болғандықтан, дұрыс тамақтаныңыз және спортпен айналысыңыз.
"Салмағыңызды бақылауға алыңыз және спортпен айналысыңыз, бұл сізге басқа да артықшылықтар береді", - дейді дәрігер.
Дәрігер өңделген ет те қатерлі ісікпен байланысты екенін ескертті.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салями, бекон және шұжық өнімдері тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратынын дәлелдейтін зерттеу жүргізді. Сондықтан мұндай өнімдерді рационыңыздан алып тастаңыз", - дейді Реза Тигари.
Қауіпсіз жыныстық қатынас гепатитті және адамның папиллома вирусын жұқтырып алу қаупін азайтады.
"Гепатит бауыр қатерлі ісігінің қаупін арттырады, ал адамның папиллома вирусы жатыр мойны қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Егер қауіп тобына кірсеңіз, екпе алу жайлы ойланыңыз", - деп кеңес берді Тигари.
Ал күннен қорғайтын крем қолдану тері қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады.
"Сіз күннен қорғайтын кремді маусымға қарамастан күнде үйден шығар кезде жағуыңыз керек", - дейді хирург.
Оқи отырыңыз: Дәрігер өзіңізді қатерлі ісіктің 7 түрінен қорғау үшін не істеу керегін айтты
А. Жапатова