Дәрігер өзіңізді қатерлі ісіктің 7 түрінен қорғау үшін не істеу керегін айтты

Дәрігер өзіңізді қатерлі ісіктің 7 түрінен қорғау үшін не істеу керегін айтты
Фото: pixabay.com

Сүт безі, ішек, қуық, өңеш, бүйрек, өкпе және асқазан қатерлі ісіктерінің даму қаупін төмендететін әдіс бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express-ке сілтеме жасап.

Онкологияның алдын алу үшін не істеу керек?

Британия денсаулық сақтау Ұлттық қызметінің жалпы тәжірибелік дәрігері Хана Пательдің айтуынша, зерттеу күніне қадам санын 1000 қадамға арттыру кез келген себептен болатын өлім қаупінің 15%-ға төмендеуімен байланысты екенін көрсеткен.

"Ал күніне 500 қадамға арттыру жүрек-қан тамырлар аурулардан болатын өлімнің 7%-ға төмендеуімен байланысты болған", - дейді ол.

Жүру жеті түрлі қатерлі ісіктің пайда болу қаупін азайтады

Белсенді өмір салты өзін қабылдауды, өзін-өзі бағалауды, көңіл күйді және ұйқы сапасын жақсартады, сондай-ақ ол күйзелісті, мазасыздықты және шаршаңқылықты басады.  

Жүру сондай-ақ деменция қаупін төмендетеді және депрессия белгілерін азайтады.

Жүруден барынша пайда алу үшін, дұрыс салмақты сақтау және диабет қаупін азайту үшін күніне 10 000 қадам жасаған жөн. Бұл аптасына шамамен 150 минут бірқалыпты белсенділікке тең.

Қатерлі ісіктің даму қаупін барынша азайту үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • Темекі тартпаңыз;
  • Салмақты бақылаңыз;
  • Алкоголь ішпеңіз;
  • Жемістер мен көкөністер көп жеңіз;
  • Спортпен айналысыңыз.

Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?

А. Жапатова