"Заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар". Дина Төлепберген қыздарға үн қатты

"Заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар". Дина Төлепберген қыздарға үн қатты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қыздарға үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instgaram-парақшасында бөлісті. 

"Мен тұрмыстағы жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсымын. Салтанат Нүкенованың қазасынан соң, ел ішінде наразылық күшейді. Дүрліккен елге басу айтпақ боп депутаттар ішінара криминализация жасалынады, яғни, күйеуіңіз жүйелі түрде жұдырыққа жықса, әрекеті қылмыс деп саналады десті.  Санама сыймай тұрған дүние, жүйелі түрде деп нені жеткізгісі келді? 2 рет ұру, 5 рет, 10. Алғашқы арыздан соң тек ескерту алып, ары қарай ашуға булығып әйелін өлтіріп тастамасына кім кепілдік береді. Ешкім... Менің бір ғана айтарым: қыздар, бізді қорғайтын заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар…" - деді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек