Қызылшаға қарсы екпе алған бала ауыра ма?

Қазақстанда қызылша ауруы өршіп жатыр. Қызылша жұқтырғандардың көпшілігі - балалар. Сондай-ақ олардың 70%-ы екпе алмаған балалар екен. Алайда қызылшаға қарсы екпе алған балалар да ауырып жатыр. Осы орайда, "сонда біз екпені не үшін алдық" дейтін ата-аналар да бар. Бұл сұраққа "Айнаline" бағдарламасына балалар дәрігері Ғалия Батыржанқызы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылша – жоғары дене температурасымен, катаральды белгілермен және бөртпемен жүретін жіті вирустық ауру. Ол асқынса, кішкентай науқастардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Қызылша вирусы адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен жұғады. Ол мұрын, көз және тамақ шырыштысына түсіп, содан соң жұқпа қанға еніп, бүкіл ағза бойымен таралады. 

Ғалия Батыржанқызының екпе алған балаларда қызылша ауруы жеңіл өтетінін айтты.

"Көбісі түсінбей жатады. Екпе алған балаларда бұл ауру жеңіл және асқынуларсыз өтеді, яғни өлімге алып келмейді. Ал екпе алмай ауырған балаларда 1-5 жыл ортасында қызылша панэнцефалит деген болады: мидың әрбір қабықшаларының қыбынып, баланы мүгедектікке алып келеді. Баланы милық салдануға (ДЦП) да әкелуі мүмкін. Содан соң қызылшамен ауырған кезде балаларда 80% асқынулар болады. Ол не? Өкпе тыныс алу жолдарының әрдайым қабынуы, мысалы, бала 4-5 жыл солай ауырады. Оның ең ауыр түрі өлімге алып келеді", - деп түсіндірді балалар дәрігері. 

Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - "Ұлттық екпе күнтізбесіне" енгізілген вакцинация алу. Ол ауа-тамшылы жолмен жұғатын болғандықтан, контагиоздығы өте жоғары. Елімізде қызылшаға қарсы екпе балаға "Ұлттық екпе күнтізбесі" бойынша 1 жасында және ревакцинация 6 жасында салынады. Қызылшаға қарсы екпе комбинирленген құрамында эпидемиялық паротитке және қызамыққа қарсы салынады. Ал қызылшамен байланыс болған жағдайда қарым-қатынаста болғандарға 72 сағат ішінде вакцина салынуы тиіс. 

Қызылша ауруының белгілерін мына жерден оқи аласыз.

Оқи отырыңыз: Баладағы соқырішектің белгілері қандай?