Бала жынысын жоспарлау жолдары. Қызды болу үшін...

Бала күтіп жүрген ата-аналар болашақ сәбиінің жынысын білгісі келеді. Әрине, көпшілік ата-ана "кім болса да, аман болсын" дейді. Бірақ бәрібір де оларды кім екен деген сұрақ қызықтырып тұрады. Алайда түрлі себепке байланысты бала жынысын алдын ала жоспарлайтын да ата-аналар бар. Мысалы, бірнеше ұлы бар ата-аналар қызды болғысы келеді. Бүгінгі материалда қызды болғысы келетін ата-аналарға ғаламторда тараған кеңестерді жинақтап, ұсынғымыз келіп отыр.

Қыз бала көтеру жайлы ғылым не дейді?

Алдымен ұрық жасушасын ұрықтандыру кезіндегі жыныстың қалыптасу принципін білу қажет. Жаңа адам ДНҚ-ның жартысын әкесінен, екінші жартысын анасынан алады. Әйелдер - ХХ, ал ерлер XY хромосома тасымалдаушылар екені белгілі. Яғни, болашақ баланың жынысы сперматозоидпен ұрықтандыратын жасушаға әкесінің қай хромосомасы берілетініне байланысты. Егер сперматозоид Х-хромосома тасымалдаушысы болса, дүниеге қыз келеді.

Дүниеге қыз келу үшін аналық жасуша мен Х-сперматозоидтың кездесуіне қолайлы шарт жасау керек. Ол үшін қынапта қышқыл орта жасау, шәует мөлшерін азайту және жыныстық қатынасқа овуляцияға бірнеше күн қалғанда түсу керек. Бұл әдісті қолдану үшін овуляция мерзімін анықтау керек. Оны үй жағдайында да, гинеколог көмегімен де анықтауға болады.

Қызға жүкті болу - көптеген факторлардың сәйкес келуінің нәтижесі, сондықтан қызды болуға арналған кеңестерге қатты сене бермеңіз.

ЭКҰ (ЭКО)

Заманауи технология анаға баланың жынысын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Алайда ЭКО кезінде баланың жынысын тек нақты әйелдер тобы ғана таңдай алады. Оны тек қана медициналық көрсеткіш бойынша жасауға рұқсат етілген. Мысалы, сәбидің жынысына байланысты туа біткен аурулар туындау қаупі бар болуы мүмкін.

Бала жынысын есептейтін кестелер

Қыз туылу үшін қай уақытта жүкті болу керегін білуге арналған бірнеше кестелер бар: анасының жасын ескеретін қытай кестесі және болашақ ата-ананың туылған айларына қарайтын жапон кестесі.

Қытай кестесі

(сурет: erketai.kz)

Ежелгі қытай тәсілімен баланың жынысын анықтауда немесе жоспарлауда тек әйелдің жасымен құрсақ көтерген уақыты ғана негізге алынады. Егер осы тәсілмен іштегі баланың жынысын анықтағыңыз немесе болашақ баланың жынысын жоспарлағыңыз келсе, жоғарыда көрсетілген кестені қолданып есептеп көріңіз.

(сурет: erketai.kz)

Ол үшін "Жасы" қатарынан әйелдің жасын таңдап,  айлар көрсетілген қатардан құрсақ көтерген айды таңдаңыз, сол кезде ұл немесе қыз бала екенін көруге болады.

Жапон кестесі

Қытай кестесінде баланың әкесі ескерілмейтінін байқадыңыз ба? Ендеше, жапон кестесін байқап көріңіз. Жапон кестесінде екі кезеңмен есептеу жүргізіледі. Алдымен жұп санын анықтау қажет. Ол болашақ ата-ананың туылу айларына байланысты. Кестеге қарап, санды анықтаңыз.

Енді екінші кезеңге өтіңіз. Келесі кестеде өз жұбыңыздың санын және құрсақ көтерген айды табыңыз. Олардың қиылысынан ұл болудың қыз болуға қатынасын көресіз. Мысалы, "1/3" қатынасы, бұл айда қыз болу мүмкіндігі ұл болуға қарағанда 3 есе артық екенін көрсетеді.Ал "3/1" қатынасы керісінше ұл болу мүмкіндігі қыз болуға қарағанда 3 есе көп екенін көрсетеді. 

Қызды болу үшін қандай диета сақтау керек?

Болашақ ананың тамақтануы да болашақ баланың жынысына әсер етеді. Оған қоса, дұрыс тамақтану бала көтеру мүмкіндігін арттырады, сондықтан қалай болғанда да рационға аса мән беру керек. Егер қызды болғыңыз келсе, мына тағамдарды белсенді жеңіз:

  • Теңіз өнімдері;
  • Майсыз ет;
  • Сүт-қышқылды өнімдер;
  • Жұмыртқа;
  • Магний мен калийге бай көкөністер;
  • Кепкен жемістер;
  • Жаңғақтар;
  • Күріш;
  • Ұнды өнімдер.

Сондай-ақ көп серуендеңіз және йогамен айналысыңыз. Ал агрессивті спорт түрлерінен аулақ болыңыз.

Қандай қателіктерден аулақ болу керек?

Дұрыс ниет - ата-ананың бала жынысы үшін күресте басты нәрсе. Алайда қызды болуды қатты қалаудың кері жағы да бар. Егер жүктілік кезінде УДЗ-дан сізде қыз емес, ұл екенін айтса және бұл кезде ата-ананың көңілі қалса, бұл балаға зақым келтіруі мүмкін. Егер анада депрессия болса, бұл ұрықтың дамуына кедергі келтіреді. Сондай-ақ жағымсыз эмоциялар баланың дүниеге мерзімінен бұрын келуін ынталандыруы мүмкін.

Сондықтан ең дұрысы - оның жынысы қандай болса да, баланы тағаттана күту. Себебі бастысы - сізде сіз қатты жақсы көретін бала болады және сіздің мақсатыңыз - оны бақытты ету.