"40 жыл шай құйдым, енді жаңа келінге тапсырамын". Гүлзира Айдарбекова халықтан сүйінші сұрады

"40 жыл шай құйдым, енді жаңа келінге тапсырамын". Гүлзира Айдарбекова халықтан сүйінші сұрады
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келінін қалай қарсы алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны ол Instagram-парақшасына жүктеді. Видеода табалдырықты аттағанр келінге "отқа май құю" салты жасалып, кейін оған шашу шашылады. Сондай-ақ, продюсер келін атанып, шай құйып жүргеніне 40 жыл болғанын айтты.  

"Сүйінші! Келін келді! Аллаға мың да бір шүкір! Индира келінімізді абыроймен үйге алып келдік. Бақытты болыңдар, балапандарым! Алла бақтарыңды ашсын!" - деп жазған ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Еске салайық, бұған дейін продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші рет шаңырақ көтерген ұлы Заңғар Нұртастың құдалығынан видео жариялаған еді. Онда ол қалыңмалға қанша бергенін айтты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек