"Қазақстанда көп". Желіде қорадағы үш сиырды жеп қойған анаконданың видеосы тарады

Желіде үш сиырды жеп қойған питонның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. 

"Үндістанда қораға кіріп, үш сиырды жеп қойған, кететін кезде жіпке оралып қалған анаконда", - делінген видеода. 

@zazu2575

♬ оригинальный звук - ?Zetta?

Бұл видео YouTube-те бір апта бұрын жарияланған.

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір жазып, әзілдеген.

"Анаконда біздің Қазақстанда көп" 

"3 сиырға шамасы жетіп, жіпке жетпей қалды ма?"

"Анаконда біздің үйде бар, екі баласымен жүр ғой"

"Жібере салыңыздар, менің жеңгем ғой", - деген әзіл-пікірлер жазылған.  

Айта кетейік, мұндай жағдайлар өзге елдерде де кездескен. 2021 жылы тамызда питон сиырды жұтып, артынын үй жануарын қорыта алмай өзі жарылып кеткен. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!