- Негізгі бет
- LifeStyle
- Баян Алагөзованың жиені...
Баян Алагөзованың жиені мен келінінің ажырасуына қандай қатысы бар?
Актер, Баян Алагөзованың жиені Айдар Асқарбек бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайыммен ажырасуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасында айтты.
"Бірден айтайын, қазір бәрінің ойындағы екінші маусымда болған сүйісу сахнасы емес. Нақты айтайын, оны қазір айтып өткен дұрыс. Білмеймін енді. Оның өз пікірі бар, оны мен ашпай-ақ қояйын. Біздің себептер оның алдында біраз уақыт бұрын пайда болған. Оның алдында да келіспеушіліктер болған", - деді Айдар Асқарбек.
Актер сонымен бірге отбасының айырылысуына Баян Алагөзованың қатысы бар деген қауесетке жауап берді.
"Тағы да бір айтып өтетін жайт, өте маңызды. Берілген сұхбаттарға, дұрыс емес ақпараттарға байланысты Баян Мақсатқызын жамандап жатады. Бұл дұрыс емес пікір. "Неге келініне дұрыс емес көзқараспен қарады?", "Неге келініне қолдау көрсетпеді?" деген пікір бар. Оны мен нақты айтайын. Жалпы "Раузаның" екінші маусымының алдында Баян Мақсатқызы келіп, ресми түрде "Айдар, сенде сүйісу сахналары болады? Сен жарыңа ескерттің бе? Ескертпесең, ескерт" деді. Сол кезде мен бірден нақты "Баян Мақсатқызы, сол кісінің енді маған қатысы жоқ. Біздің арамыз суыды. Қазір екеуіміз бірге тұрмаймыз" деп жауап бердім. Ол кісі тіпті ол кезде білген де жоқ. Енді бір қынжыл, ұрыс-керіс бар екенін біледі. Енді жас жанұяда ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дегендей. Ол түсініп тұр оны, бірақ кіріспейді. Ер мінезді. Кірісіп, сұрамайды. "Бәрі дұрыс па?" дейді. (...) Сондықтан Баян Мақсатқызының түк те қатысы жоқ", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан