Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанды

Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанды
Фото: instagram.com/aliokapov

Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанды. Бұл жайлы ол өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым?️! Шынымен күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, маған артқан сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рақмет! Басымды иемін!", - деп жазды әнші.

"Лайықты марапат! Жастарға үлгісің! Отбасың да, жарың да, анаңа деген сезімің, бауырыңа деген жанашырлығың, тіліңе деген құрметің, мәдениеттілігің барлығы үлгі", "Құтты болсын! Еңбегіңнің жемісін көре бер! Биіктерден көріне бер!", "Керемет жаңалық, лайықтысыз!", - деп жарыса құттықтады оның оқырмандары.

Еске салайық, бұған дейін Әли Оқапов эксклюзив сұхбат берген болатын.

Оқи отырыңыз: Халық әртісі атанған Димаш Құдайберген бала кездегі ерекше видеосын бөлісті

А. Жапатова