Төреғали Төреәлінің қарындасы жолдасына құны 95 млн теңгенің су жаңа көлігін сыйлады

Төреғали Төреәлінің қарындасы жолдасына құны 95 млн теңгенің су жаңа көлігін сыйлады
Фото: instagram.com/farizatoreali

Танымал блогер, әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жолдасына көлік сыйлады. Бұл туралы ол Желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, жолдасы бұл көлікті бір ай бұрын тапсырыс беріп қойғанымен, ол бірнеше айдан кейін ғана жеткізілуі керек болған. Дегенмен Фариза Төреәлі көлікті ертерек жеткізуі үшін қайын ағасымен ойласып, жолдасына тосынсый жасаған.

"Жолдасым өзіне бір ай бұрын көлік тапсырыс берген. Әлі бірнеше ай күту керек деп ойлап жүрген. Ертерек келетінін білмеді, ал біз қайын ағаммен ойласып тосынсый жасайық деп келісіп алдық. Жақындарымды таңғы асқа шақырып, тосынсый ұйымдастырып жібердік.

Шыны керек әрдайым қауымды, оқырмандарды, жақындарымызды қуантуды бірінші орынға қойып, түрлі сыйлық жасаудан екеуміз рахат алып соған үйреніп қалған екенбіз. Дархан қалауындағы көлікке отырып жатса да әлі сенгісіз, қызық бір үйреншіксіз сезімде жүрміз екеуміз.

Қандай нығметке қол жеткізіп жатсаң да ол сенен емес Раббыңнан екенін ешқашан естен шығармау керек. Бәрі бірден бола қоймайды, енді шаңырақ көтеріп жатқанда бұндайды армандамаған да едік. Бәрі өз уақытымен, тәжірибе жинаумен, әрекет етумен болуда. Баршаңызға жұғысты болсын деймін! Әумин деп қойыңыздар!

Құтты болсын, жаным! Тек жақсылыққа мініңіз, қуанышты күндеріміз көп болсын", - деп жариялады Фариза Желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар, блогер көлікті сатып алудағы оқиғаның қызық әрі бөлек болғанын жеткізді.

Айта кетейік, Cadillac Escalade 2023 көлігінің бағасы 65 миллионнан 95 миллионға теңгеге дейінгі аралықта тұрады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Сәрсенбі күні қандай адамдар дүниеге келеді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә