- Негізгі бет
- LifeStyle
- "91 тобы материалдық...
"91 тобы материалдық жағдайды көп айтты". Продюсер Ерболат Беделхан топтан не себепті бас тартқанын жеткізді
Танымал продюсер, "Орда" тобының мүшесі, әнші Ерболат Беделхан өзі дайындап құрған "91" тобымен не себепті келісімді үзгенін жеткізді. Бұл туралы продюсер Ұйқым келмейді бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"91" тобының бұрынғы продюсері тойға шықпайтын әртістерге табыс табу өте қиын екенін атап өтті. Бұл тұрғыда ол атышулы топтың да материалдық жағдайы мәз емес болғанын жеткізді.
"Пандемия кезінде біз сияқты тойға шықпайтын компаниялар қатты есеңгіреп қалды. Ауыр кезең болды. Қазіргі уақытта жігіттермен қарым-қатынасым жақсы. Бұрынғыдай жиі болмаса да, арасында хабарласып тұрады. Ақыл-кеңесімді сұрап тұрады. Осы соңғы екі жылда жасап жатқан дүние өздерінікі. "91" тобы материалдық жағдайы туралы көп айтты. Бірақ менің қоластымда болғанда оны айтқызбас едім, - дейді продюсер.
Сондай-ақ, продюсер той бизнес болмаса тек шоу бизнестен ақша табу қиын екенін жеткізді.
"Бірақ, балалар менен шыққаннан кейін ашығын айтты. Негізі Қазақстанның шоу-бизнесін алып қарасақ. Тойға шықпайтын әртістер күнкөріс табу мүмкін емес. Нарық жоқ. Тек тойдың арқасында табыс табады. Дегенмен ол жерда басқа қандай түсінік болу керек. Ақша тапқың келсе мейрамханаларға, тойларға барасың. Күнделікті тіршілік. Өнерге, мәдениетке орын қалмай қалады. Жүгіріп жүресің. Сондықтан болар жігіттер барлығын тікесінен айтыпты. Олар көп дүниені айтты ғой", - деді Ерболат Беделхан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы