"Бәріңіз комедия түсіре бермей, тарихи драмалар, мотивациялық кино түсіріңіздер" - Нұрлан Қоянбаев

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев инстаграм желісіндегі парақшасында әсерлі жазбамен бөлісті,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Егер бір ауылда, бокстан немесе күрестен чемпион шықса,бүкіл ауыл балаларын сол спортқа береді! Біздің ауылдан Мұстафа Шоқай шықты! Сондықтан Шиеліде бәрі интеллект, бәрі политолог) Мен де сол ортаның ықпалымен мектепті алтынмен бітіріп, КАЗГУ-ге тарихшы, политолог боламын деп оқуға түстім. Болашақта еліміздің идеология саласында қызмет жасаймын деген бала арманым болған.

3-ші курста Тарих факультетінің намысын қорғаймын деп аяқасты КВН ойнай бастадым. Бірінші ойында, 6 команданың арасында 6-орын алып, ұтылып қалдық. Намысыма тигені сонша, 2 жылдан кейін қатарынан 2 рет Қазақстанның чемпионы, 17 рет “Үздік ойыншы” атағына ие болдым. Одан кейін, 2006 жылы Мәскеудің жоғары лигасында А.В. Масляковтың өзі “Үздік ойыншы” (тарихта бірінші рет) атағын берді. Мәскеу, Сочи, Юрмала қалаларындағы барлық кубоктарды ұтып алдық. 2005 жылдары, тіпті ресейлік ойын-сауық ТВ арналары жұмыс ұсынды. Бірақ, біз елге қайтып қазақ контентін дамытамыз деп шештік!

2000 жылдары “Шатақхана”, “Қызық радио” жобаларынан бастадық! Телевиденияда рейтінгі ең жоғарғы ТВ бағдарламаларының біріне айналды! (ТМД елдері бойынша, скечтерден құралған алғашқы жоба! Ол кезде Камедиклаб та жоқ, ешкім жоқ еді.)

Ол кезде комедия жанры ешкімге керек емес және дұрыс бағаланбайтын еді! Сценарист ретінде 6000 теңге аламын, тіпті “сіздерге эфир де болады” деп ақша да төлемеген кездер де болды….

20 жыл өтті!!!!

Комедия саласын трендке айналдырдық!

БӘРІ комедия түсіріп кетті ???

Кинотеатрда қазақ комедеясының дәуірі басталды! Қаншама билетке жаратылатын қаражат бұрынғыдай Голливудқа емес, елде калып жатыр (кем дегенде 30-40 млн доллар)! Қазір елімізде 100 комедия түсіріліп жатыр! 1 киноға 300 мың доллар кетсе, орта есеппен 100 комедия бюджеті 30 млн долларлық киноиндустрияға айналды?

Қаншама жұмыс орны! Қазір бір актер бос емес! Бәрі сьемкада, бәрі продюсер…) Біреуі рақмет айтпайды. Мені конкурент санайды. Әзіл ғой)

Тимирязев көшесінде, квартирада, қатып қалған нанды суға батырып жеген кез есіме түсіп кетті. Ақша түспесе де комедияны тастаған жоқпын.

6000 теңгеден - 30 млн долларлық индустрия арасы 20 жыл!!!

Барлықтарыңыз комедия түсіре бермей, тарихи драмалар, мотивациялық кино түсіріңіздер", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Еске салайық, Нұрлан Қоянбаев Қазақстан-Финляндия ойынында көрермендерге 20 мың ту таратты. Ол оған қанша қаржы жұмсағанын айтқан болатын.