- Негізгі бет
- LifeStyle
- Нутрициолог бауыр, тіл...
Нутрициолог бауыр, тіл секілді субөнімдердің адам ағзасына пайдасы жайлы айтты
Фото:
ru.freepik.com
Қазір бала түгіл ересектер де субөнімдерді жегісі келмейді. Алайда нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында мұндай өнімдердің адам ағзасына пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, адам ағзасына мынадай субөнімдер пайдалы:
- Бауыр - тағамдарда ең жиі қолданатын субөнім. Құрамы А дәруменіне бай. Сондай-ақ ол - В6 дәруменінің табиғи көзі.
- Жүрек - таза ақуыз көзі. Құрамындағы темір мен В12 дәрумені етке қарағанда көбірек. Жүректе май да аз болады.
- Бүйректі өзге субөнімдермен салыстырғанда өзіне тән иісіне бола көп адам ұнатпайды. Сондықтан ол иістен құтылу үшін оны 4 сағатқа салқын суға салу керек. Содан кейін қайнатып, сорпасын төгіп тастайсыз. Бүйректің құрамында В тобындағы дәрумендердің барлығы және аминқышқылдар бар.
- Мидың құнарлығы жануар түріне қарай әртүрлі болады. Көбіне қанықпаған май қышқылы, дәрумендер мен органикалық фосфор қосындыларына назар аудару керек. Себебі фосфор - баланың ойлау қабілетін арттыруға қажет. Мида фосфордан бөлек жүрек жұмысын жақсартуға арналған магний мен калий бар.
- Тіл - баланың асқзаны тез қорытып, жақсы сіңіретін өнім. Бірақ оны алдымен жақсылап қайнатып, жұмсарту керек.
Оқи отырыңыз: Құйрық майдың пайдасы бар ма?
А. Жапатова