"40 миллион 460 мың теңге". Танымал тележүргізуші киімінің бағасын айтып жұртты таңқалдырды

"40 миллион 460 мың теңге". Танымал тележүргізуші киімінің бағасын айтып жұртты таңқалдырды
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжан киімінің бағасын айтып жұртты таңқалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейбіт Әлібековқа сұқбат берген отандық тележүргізуші киімдері мен әшекейінің бағасын айтты.

Тележүргізушінің үстіне ілген көйлегі мен әшекейлерінің бағасы шамамен 40 миллион 460 мың теңгеге шықты.

Отандық дизайнерлер қатарына кіретін Динара Сәтжан өз брендінің көйлегін киген. Айтуынша, жаңа топтамадағы көйлектің құны "бар-жоғы 89 900 теңге". Ал көздің жауын алатын Van Cleef брендінің алқасы мен сырғасы 8 миллион 200 мың теңге тұрады. Тележүргізуші Gianvto Rossi-дің құны 450 доллар (370 мың теңге) тұратын аяқ киімін де көрсетті. Динара Сәтжанның білегіндегі Bulgari (19 миллион) мен Cartier-дің (8 миллион 600 мың) және Van Cleef брендінің (4 миллион 200 мың) білезігі мен сақинасы назардан тыс қалмады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Beibit Alibekov (@alibekovkz)

Желі қолданушылары тележүргізушіге қызыға қарап, таңғалысын жасырмады.

"Үстіне бір жақсы пәтерді іліп алыпты", "Қатынымызды осылай киіндіру бұйырсын", "Ең төмен айлық 85 мың теңге, оның бір көйлегі 89 мың тұрады", "Бар-жоғы" дей ме?", "Динараның киімінен менің пәтерім мен көлігім арзан тұрады", "Динара, жарайсың", "Әр әйел осылай шалқып жүрсін", "Көйлегі менің бір айлығым екен ғой", – деп жазды желідегілер.

Жұлдыздар неге жиі ажырасатынын білесіз бе? Оқи отырыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы