Беріліс қорабының тез бұзылуына әкелетін жүргізушінің 5 қателігі

Беріліс қорабының тез бұзылуына әкелетін жүргізушінің 5 қателігі
Фото: pixabay

Жүргізушілер көбінесе "автоматты" беріліс қорабына зиян келтіретін қателіктерді жиі жібереді. Сондықтан көлікті ұқыпты айдау керек. Себебі беріліс қораптың істен шықса шығыны шаш-етектен келері анық. Темір тұлпар тізгіндегендер қандай қателіктерден аулақ болуы керек? Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді.

Жылдамдықты лезде арттыру

Жүріп келе жатқанда болсын, орнынан қозғағанда болсын жылдамдықты лезде арттыру көлікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл механизмге автоматты беріліс қорабы тікелей әсер еткендіктен гидротрансформаторға зияны көбірек болады. 

Жылдам тұраққа қою 

Автоматты қораптағы parking функциясын автомобиль толығымен тоқтағаннан кейін ғана іске қосуға болады. Кейбір жүргізушілер көлік тоқтағанға дейін тұтқаны тартып алады. Егер бұл әрекет жиі қайталанса, беріліс қорабын құлыптау күйінде ұстайтын "тіс" зақымдануы мүмкін.

фото: pixabay

Кептелісте "бейтарап" режимді қолдану

Бұл қателік жүргізушілер арасында белең алған. тіпті кейбір жүргізушілер бейтарап берілісті себепсіз де пайдаланады. Мұндай әрекеттерден жанармай үнемделмейді, керісінше беріліс қорабының элементтері  тозады.

Көлікті сүйреу

Сүйреу - бұл ерекше нәрсе. Алайда "автомат машинада "механикаға қарағанда мұқият қондырғы бар. Тіркемені сүйреу немесе пайдалану секілді кез келген әрекет мұндай көлік үшін нашар аяқталуы мүмкін.

Қозғалыс кезіндегі жүргізушілердің негізгі қателіктері

Қауіпсіздік белдігінің болмауы

Мұндай белдіктер апаттың ауыр зардаптарынан құтқара алады. Егер сіз теңдесі жоқ жүргізуші болсаңыз да, апат әрдәйім сіздің қателігіңізден болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда өмірге қауіп төндіретін жарақаттың алдын алатын қауіпсіздік белдігі ғана. 

Қашықтықты сақтамау

Кейбір жүргізушілер басқа көліктердің қозғалысын бақыламайды және қауіпсіз қашықтықты сақтамайды. Сондықтан күтпеген жағдай туындауы мүмкін.

Жылдамдықты арттыру

Жанрдың классикасы, бірақ мұның арты көбінесе апаттарға әкеледі. Сіз неғұрлым жылдам жүрсеңіз, апаттың салдары соғұрлым нашар болады. Ережелерді сақтау керек және жолдағы белгілерді бақылау керек.

Зейіннің жеткіліксіздігі

Көлік жүргізу кезінде сіз көп жылдық тәжірибеңіз болса да, жолға назар аударып, мұқият болуыңыз керек. Қоңырау шалу, SMS жазудан бас тарту немесе жаңалықты оқу үшін алаңдауға болмайды.

Айналарды дұрыс пайдаланбау

Айналар-бұл көліктегі әшекей ғана емес, пайдалы құрал. Олардың көмегімен сіз айналада не болып жатқанын көре аласыз. Олар таза және дұрыс позицияда болуы тиіс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов