90 жастағы кейуана Медеуге көтеріліп, жұртты таңғалдырды

Алматының 90 жастағы тұрғыны Медеудегі "Денсаулық баспалдағымен" көтеріліп, Горельникке дейін жаяу жетті. Бұл видео 50 мыңнан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторы Меруерт "Денсаулық баспалдағымен" көтеріліп бара жатқан 90 жастағы қарияны байқап қалған. Оның айтуынша, құрбыларымен бірге әлсін-әлсін демалуға тоқтап отырған, ал қария тек қысқа үзіліс жасап, жоғары қарай жүре берген.

"Біз демімізді баса алмай, демалып отырғанда әже көтеріліп келе жатқанын көрдік. Оның біз сияқты орындыққа отырмай, небәрі 30 секунд тұрып, әрі қарай кете беретіні бізді таңғалдырды", - деді ол.

Желі қолданушылары қарияға ақ тілегін жаудырды:

"Қандай керемет, Алла ол кісіге әлі де ұзақ ғұмыр берсін!", "90 жасқа жетудің өзі бір ғанибет! Осылай тың жүру - үлкен бақыт! Жарайсыз, апа! Жаратқан ием жар болып, денсаулық берсін".

90 жастағы әжейдің маршруты "Денсаулық баспалдағымен" ғана шектелмеген. Зейнеткер Горельникке дейін жеткен. Ол бұл бағытпен жүруді бұрыннан жоспарлап жүргенін айтқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!