"Азаматымнан айырылғаныма жыл болады". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі туралы жантебірентер жазба жариялады

"Азаматымнан айырылғаныма жыл болады". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі туралы жантебірентер жазба жариялады
Фото: sultankyzy/instagram

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде марқұм күйеуіне арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жолдасының жылдық асын берген. 

"Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе қатым Құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар, ауылдастармен Құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Желі қолданушылары оған көңіл айтқан.

"Құранмен нұрлансын қабірі, жәні жәннатта болсын", "Құран қабыл болсын!! Қайраттың жаны жанатта болсын!! Ұрпақтары аман болсын!", "Қабыл болсын! Қайрекеңнің жаны жанната болсын!", "Иманды болсын. Дұғаларыңыз қабыл болсын", - деп жазды олар.

Еске салайық, былтыр 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.

Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған. Ол - қоғам қайраткері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова