Дәрігер өтті 3 минутта жүргізетін 3 өнімді атады

Дәрігер өтті 3 минутта жүргізетін 3 өнімді атады
Фото: pixabay.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында өтті тез сұйылтатын және асқазан-ішек жолдарының жұмыстарын жақсартатын 3 өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, өтті сұйылтуға арналған Топ-3 өнімге мыналар жатады:

Жылы су

Күнде таңертең ашқарынға жылы су ішуді әдетке айналдырсаңыз, өтке тас байланбайды және іркілу болмайды. Барлық адамға қолжетімді судың ағзаға пайдасы мол.

Зәйтүн майы

Зәйтүн майы ең пайдалы май қышқылдарынан тұратындықтан, ол өттің сұйылып, тез ағуына ықпал етеді. Егер өтте тас болса, зәйтүн майы оның жұмсарып, біртіндеп еруіне әсер етеді. Ол сондай-ақ іш қатумен қиналатын адамдарға көмектеседі, себебі ол ішектер жұмысын жақсартады.

Құйрық май

Таңертең күніңізді бірер тілім құйрық май жеуден бастасаңыз, өтіңіз сұйық, теріңіз жылтыр, таза, ал өзіңіз сау және сымбатты боласыз. Құйрық май өтті жүргізіп қана қоймайды, ол сондай-ақ ағзадан уыттарды шығарады, асқорытуды жеңілдетеді. 

Құйрық майдың пайдалы қасиеттері жайлы толығырақ мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова