"Бәрінен ең әдемі менің жүктім". Ерке Есмахан мен Raim ата-ана болатынын жария етті

"Бәрінен ең әдемі менің жүктім". Ерке Есмахан мен Raim ата-ана болатынын жария етті
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші Ерке Есмахан мен Raim ата-ана болуға дайындалып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар бұл туралы Bul mahabbat деп аталатын жаңа бейнебаянында жария етті.

Бейнебаян Raim мен Еркенің диалогынан басталады:

- Жаным, ұйықтамай не істеп жатсың?
- Қашан келесің?
- Болды, шықтым, студиядан, міне. Примерно 10 минутта боламын, бұйыртса.
- Жан, менің донер жегім кеп жатыр. Андай сырты қытырлайтын.
- Все, все, жақсы көрем ғой сені, жаным. Сен ше?
- Ассорти, перецпен.

Әрі қарай бейнебаянның сюжеті бойынша Raim мотоцикліне отырып, қаладан донер іздей бастайды. Алайда ол барған жердің бәрі жабық болады. Осылайша, ол тағы бір жерге келгенде сатушы тапсырыс қабылдамайтынын айтады, осы кезде Raim полиция қызметкерінің қолынан жаңа ғана піскен донерді көреді. Ол оның қолынан пакетті жұлып алып, қашпақшы болғанда мотоциклімен құлап, полицейлерге ұсталып қалады. Кейін ол полицияның қызметтік көлігін де айдап кетеді.

Еске салайық, бұған дейін танымал әншілер Ерке Есмахан мен Raim бірге ән жазғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан