"Осының бәрі хайп болса". Райм мен Ерке Есмахан күтпеген жаңалығын бөлісті

Танымал әншілер Райм мен Ерке Есмахан бірге ән жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты Райм әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ал туындының аты "Бұл махаббат" деп аталады.

Әлеуметтік желідегілердің бір бөлігі әлі де өнерлі жұптың өмірін талқыласа, енді бір тобы кезекті туындының хит болатынын жазған.

"Осының бәрі хайп болса да бір ән үшін", "Райм өте қарапайым еді… солай ұнайтын….Еркеге қосылғасын прическа, стиль бәрі өзгеріпті. Енді бренд ол", "Қатты күтіп едім дуэт ретінде", "Күтеміз", "Хит болады", "Осындай махаббат бұйырсын", "Шок", "Тез шықса екен, альбом күтемін", - дейді олар.

Еске салайық, Желіде бұған дейін Raim мен Еркенің арақатынасы туралы ақпарат тараған болатын. Олар 2019 жылы да кездескен. Сондай-ақ, өнерлі жұп биыл неке қиды. Сырға салу рәсімі де өтті. Сондай-ақ, кейінірек заңды некелерін қарапайым түрде қиғанын жариялады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!