- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Сенбедім". Төреғалидің әйелі...
"Сенбедім". Төреғалидің әйелі Толқын тұңғыш қызының диагнозын естігенде қандай күйде болғанын айтты
Әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы ерекше қыздары Кәусарға диагноз қойылғанда қандай жағдайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің жары Instagram-парақшасында айтты.
"Ең алғаш диагноз қойылғанда сенбедім. Қалай екенін білмеймін. Алланың шексіз мейірімімен, туған күнінен бастап сүрелерді оқып, Аллаға сенімімді жоғалтпаған екенмін. Аллаға деген сенімім соншалықты өте көп, тәуекелдерге бардым. Қандай ем болмасын Алла бәрінің ретін келтіріп келеді. Қазір бір түсінгенім - біз әрекеттерді тек сыртқы факторларға арнаймыз", - дейді Толқын Тұрарбекқызы.
Айта кетейік, әнші Төреғали Төреәлі мен әйелі Толқын Тұрарбекқызы бүгінде үш қыз екі ұл тәрбиелеп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина