"Кіші жүз". Сәбина Алтынбекова өзінің руын айтты

"Кіші жүз". Сәбина Алтынбекова өзінің руын айтты
Фото: www.instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова оқырманының "Руыңыз кім" деген сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің руым – Табын. Табынның ішінде Кедейғұлмын. Кіші жүз", - деп жауап берді Сәбина Алтынбекова.

Табын –  Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар бас ауған жаққа жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап, бір бөлігі Шалқар ауданына, бір бөлігі қазіргі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына, бір бөлігі Қызылорда облысы мен Қарақалпақстан жерлеріне кеткен. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан