Ақыл тісті жұлу қаншалық дұрыс?

Тіс дәрігері Владимир Лосев "әр адам даналық тістерді жұлу қажеттілігі туралы шешім қабылдауы керек" деген пікір айтты. Бірақ бұл тістерге қол жеткізу қиын болғандықтан, тіс жегісінің пайда болу қаупі едәуір артатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.  

Медецина тілінде "сегіздік" деп аталатын даналық тістері рудиментарлы (қарапайым) болып келгенімен  олар үшін ауыз қуысында орын жеткіліксіз. Салдарынан, ақыл тістер толық шығып өздерін көрсете алмайды. Бұл өз кезегінде көрші тістерге қысым тудырып, тістің бұзылуы мен тіс қатарының ығысуы, қызыл иек пен ауыз қуысының шырышты қабығындағы ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін екен. 

"Дәрігер даналық тістердің тағы бір проблемасы олардың қол жетімділігі екенін айтты. Соның салдарынан гигиена нашарлай түсетінін жеткізді. Бұл ауыз қуысының басқа ауруларының қаупін едәуір арттырады. Осы себепті стоматологиялық кабинеттегі он пациенттің тоғызы "ақыл тісін" алып тастау туралы шешім қабылдайды", - деп атап өтті Лосев.

Сонымен қатар, егер даналық тістері толығымен жарылып кетсе, тіс қатарына қысым жасамаса және тазалау оңай болса, оларды сақтауға болатынын айтты. 

Бұған дейін ортодонт тіс дәрігері Мария Малахова бактерияларды жағымсыз иістің негізгі себебі деп атаған. Дәрігердің айтуынша, ақыл тіс бактериялардың жиналатын ошағына айналады. Ол күнделікті күтім кезінде нашар тазаланады немесе ауыз қуысының жету қиын жерлерінде жиналады екен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз