- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қорландым". Әнші Бүркіттің...
"Қорландым". Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқарды ер адам фитнес клубта соққыға жыққан
Блогер Әсел Асқар әлеуметтік желідегі парақшасында фитнес клубта соққыға жығылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.
"Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Мелейский (Медеу - еск.) аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық.
Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын", - деді Әсел Асқар видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Блогер құқық қорғау органдарына заң бойынша жағдайды шешуді сұраған.
"Құрметті генерал Запаров Арыстанғали Расылханұлы мырза, осы тергеудің барысын жеке бақылауға алуыңызды сұраймын. Алматы қаласының прокуроры Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев осы оқиға аясында заң орындалуын бақылауыңызды сұраймын. ...Мен өз елімде өзімді қауіпсіз сезінбеймін", - деді Әсел Асқар.
Блогердің айтуынша, ер адамға мобилограф оның жаттығуын түсіріп жатқанда, өзі кадрда көрініп қалуы мүмкін екені ұнамаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова