"Токиода тұратындар айтқаныңызды көргенде күлді". Танымал блогер Лодочников Мусинді өтірік айтпауға шақырды

"Токиода тұратындар айтқаныңызды көргенде күлді". Танымал блогер Лодочников Мусинді өтірік айтпауға шақырды
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал блогер Алексей Лодочников Бағдат Мусиннің интернет сапасына қатысты айтқандарын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер шенеунікті өтірік айтпауға шақырған.

"Астанада адамдар неге ашулы? Оған екі себеп бар. Біріншісі - климат, мұнда үнемі жел, ал екіншісі, ең бастысы - байланыс пен интернеттің сапасы. Кім не десе де, әсіресе Бағдат Мусин, сіздің айтқандарыңызды көргенде, бізде интернет жақсы ғой дегендей риза болып, әсірелеп айтасыз. Бірақ бүкіл Астана интернет нашар екенін айтады. Астанадағы байланыс пен интернеттің сапасы сұмдық екенін мойындайтын кез келді, өтірік айтпаңыз", - дейді ол әлеуметтік желілердегі бейнеүндеуінде.

Алексей елордадағы бірнеше тұрғын үй кешенінде байланыс нашар екенін, соның ішінде "Будапешт", Мәңгілік Ел, "Променад Экспо" секілді тұрғын үй кешендерінде бұл жағдай анық байқалатынын айтады.

"Токионы байланыс пен интернет сапасы бойынша басып оздық деп айтқан кезіңізде, оған өзіңіз де сенбедіңіз, өйткені олар сізге бәрі жазылған дайын қағазды әкеліп берген. Сізге министр ретінде кеңес бере аламын, фактчекинг жүргізу керек, шынымен де солай ма, жоқ па, әкеліп бергенді оқи салмау керек. Достарым Токиода тұрады, олар Қазақстанда да тұрды. Олар екеуін салыстыра алады әрі сіздің айтқандарыңызды көргенде, олар күлді", - дейді Алексей.

Еске салайық, жақында Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы интернеттің сапасына қатысты мәселені көтеріп, елордадағы интернет пен ұялы байланыстың тұрақтылығы көп нәрсені талап ететінін айтқан болатын.

Бұған жауап ретінде Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин радиофобтарды және жалпы қазақстандықтарды кінәлаған болатын.

Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырды

Сондай-ақ, министрдің сөзі Қазнетте хит болып, жұрт әзілге айналдырды. Кейін тіпті Желіде министр Мусинді отставкаға жіберу туралы петиция пайда болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова