Майлы тағамдардан да жаман. Дәрігер қанның құрамын қоюлататын өнімдерді атады

Майлы тағамдардан да жаман. Дәрігер қанның құрамын қоюлататын өнімдерді атады
Фото: pixabay

Токсиколог дәрігер  Михаил Кутушов қанның ұюына әкеліп соқтыратын өнімдердің тізімін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап. 

Бұл өнімдерге майлы ет, ысталған ет, картоп, банан, сонымен қатар К дәрумені көп тағамдар жатады.  Сонымен қатар біздің елде көп кездесе бермейтін шпинат, ақжелкен, швейцариялық борды, су кресі, Брюссель өскіндері бар. 

"Қант - сусында да, тағамда да болады. Оны тұтынуды доғару керек. Жоғарыда аталған өнімдердің массасында қанттың жасырын түрде болатынын ескеру керек. Сондықтан әрбір тұтынған өнімдердің құрамына жіті назар аударып, композициядағы әртүрлі "сироптарға" назар аудара отырып, жапсырмаларды мұқият оқып шығу керек. Себебі қанттың әсерінен қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайды және липидті қосылыстардың өндірісі артады", - деді дәрігер. 

Ақуыздар мен аминқышқылдарының жетіспеушілігімен қан қоюлана бастайды. Сондықтан етті мүлдем жемей қалуға болмайды. Арнайы диета ұстап жүріп жеу керек. Бірақта бұл ең алдымен майсыз сорттар, яғни күркетауық немесе тауық  етіне қатысты. Сондай-ақ балық, сүт және жұмыртқаны да арагідік жеп тұру маңызды.

Сонымен қатар, сіз жалпы ас қорыту жүйесін бақылауыңыз керек. Себебі дұрыс тамақтанбау ағзадағы су балансын бұзып, қанды қоюлатады.

"Ас қорыту органдары қажетті ферменттердің жеткіліксіз өндірілуіне байланысты ағза қышқылданып, қан қоюланады", - деп нақтылады маман.

Дәрігер қанның қоюлануы варикозды тамырлардың, тромбофлебиттің, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруларының инфаркт қаупімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов