Қазақта туыстарды бір-бірімен татуластыруға көмектесетін тағам бар екенін білдіңіз бе?

Қазақта туыстарды бір-бірімен татуластыруға көмектесетін тағам бар екенін білдіңіз бе?
Фото: Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография мұражайының мұрағатынан

Өкпесүт - бір-біріне өкпелеп жүрген ағайындарды татуластыру немесе отбасындағы түсініспеушілікті тарқату үшін дайындалатын ғұрыптық тағам. Ақсақалы бар үлкен отбасы ренжісіп қалған қалған туыстарын қонаққа шақырып, осы тағамды ұсынатын болған.

Алдын ала жас қойдың өкпесі дайындалады. Сүтке дәмдеуіштер мен тұз қосып, өңеш арқылы өкпеге 3-4 литр сүт құяды, содан соң өңешті байлап, ұзақ уақыт баяу отта пісіреді. Бұл тағамды пісірмес бұрын, үйдің иесі бір-біріне өкпелі екі туысты татуластыруға және жанжалды бейбіт жолмен шешуге тырысады.

Тағам дайындалып жатқанда және оны жеу кезінде адамдардың тікелей сөйлесуіне, ішіндегісін айтуға және бейбіт шешімге келуіне мүмкіндігі болған. Бұл қандай даналық десеңізші, өйткені дастарқан басында ұрысуға және дауыс көтеруге болмайды, сондай-ақ қонаққа шақырған ақсақалды құрметтеп, олар тез арада ортақ тіл таба білген.

Сондықтан, егер отбасыңызда осындай проблема болса, онда туыстарыңызды қонаққа шақырып, өкпесүт дайындауыңызға болады.

Дереккөз: Әйгерім Мұсағажинованың "Қазақы ас: дәстүр мен дәм" атты кітабы

Бесбармақ, бешбармақ, ет. Қазақтың басты тағамын қалай атаған дұрыс?

А. Жапатова