- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ажырасумен аяқталады". Бақытсыз...
"Ажырасумен аяқталады". Бақытсыз жұптардың 5 белгісі
Психолог Мария Данина Lenta.ru-ге бақытсыз қарым-қатынасқа әкелетін негізгі 5 себепті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1. Проблеманы талқыламау және шешпеу
Психологтың айтуынша, проблема кез келген қарым-қатынаста пайда болады. Әртүрлі тәжірибесі бар бір-біріне ұқсамайтын екі адам бір-бірімен әркез келісе бермейді және олардың қалаулары әрқашан бірдей бола бермейді. Сондықтан олар туындаған кез келген проблеманы талқылап, қандай да бір шешімін табуға тырысу керек. Бірақ бақытсыз жұптар проблеманы елемейді, мұндай кезде үндемейді және мүмкін шешімін талқыламайды. Тіпті, екеуінің бірі әңгімеден қашса, бұл наразылықтың жиналып қалуымен және жиі екеуіне де ауыр тиетін ажырасумен аяқталады.
2. Сынау және талап ету
Маман сондай-ақ бақытсыз жұпта серіктердің біреуі немесе екеуі бір-бірінің артықшылықтарына қарағанда кемшіліктеріне аса мән беретінін айтты. Қарым-қатынаста махаббат сөздеріне қарағанда сындар, жағымсыз бағалар мен талаптар көп болса, бұл екеуінің де бақытсыз болуына әкеледі.
3. Ортақ қызығушылықтың болмауы
Психолог Мария Данинаның айтуынша, көпшілік ұзақ мерзімді романтикалық қарым-қатынастар уақыт өте достыққа айналып кетеді. Егер серіктерге әртүрлі нәрсе ұнаса және сөйлесуге ортақ тақырып (тұрмыстық сұрақтардан басқа) табу қиын болса, бұл қауіпті белгі.
Бұл бақытты жұптарда серіктер бір нәрсені жақсы көру керек деген сөз емес. Бірақ өте үлкен айырмашылық қанағаттанбаушылықтың себебіне айналуы мүмкін.
4. Серігінің өміріне қызығушылық танытпау
Психолог әр адамның өз өмірі, ортасы, қызығушылықтары мен әуесі болғаны жақсы екенін айтты. Алайда кейде мұндай еркіндіктің айқын болатыны соншалық олардың не үшін бірге өмір сүріп жатқандары түсініксіз болып кетеді.
Егер серіктер бірге өте аз уақыт өткізсе, бір-бірі жайлы сұрамаса және өз істерінен мүлдем қолдары босамаса, бұл жақындық сезімінің жоғалуына әкеледі.
5. Бақылау және жанында болуын талап ету
Өте тығыз байланыс пен әрдайым жанында болғысы келу - жұптағы тағы бір проблема. Мұндай қарым-қатынаста серіктердің бірі "тұншығуы" мүмкін.
"Егер жұптар қарым-қатынасты өзгертуге және оны сақтап қалуға тырысса, бұл себептерді түзеуге болады", - деп қорытындылады психолог Мария Данина.
Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе
А. Жапатова