- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ерте қартаюға әкелетін...
Ерте қартаюға әкелетін күнделікті әдеттер
Темкі тарту мен ұйқысыздық қартаю процесін жылдамдататынын көпішілік біледі. Алайда сіздің жастығыңызды ұрлайтын басқа да әдеттер бар. Ерте қартаюға әкелетін күнделікті әдеттерді ұсынамыз.
Сусынды түтікшемен ішу
Сусынды түтікшеден ішкен ыңғайлы. Бірақ егер сусын ішуге оны күнде пайдалансаңыз, ол ерін айналасына зиян келтіреді: ерін үстінде ұсақ әжім пайда болады. Сондықтан түтікшені күнде емес, арасында ғана қолданған жөн.
Смартфон экранын тазартпау
Барлық адам бірдей ұялы телефондарының беттерін тазарта бермейді. Сіз оны қолыңызбен күнде ұстайсыз және әртүрлі жерге қоясыз. Содан соң телефонмен сөйлескен кезде оны құлағыңызға, бетіңізге тақайсыз. Осылайша, оның бетіндегі микробтардың тері бетіне түсуіне ықпал етесіз, ал бұл безеудің шығуына әкеледі. Смартфон беттерін тазартатын арнайы майлықтар бар. Микробтар мен бактериялар таралмас үшін смартфон бетін жиі сүртіп тұрыңыз.
Үнемі тек бір қырымен жату
Әрбір адамның ұйықтауға ыңғайлы бір жағы бар. Алайда үнемі тек бір қырымен жату тері бетіне жағымсыз әсер етеді. Себебі бұл кезде сол бір жақ үнемі жастыққа тиіп тұрады. Ол жерде әжім пайда болады және олар терең болып кетеді.
Кешке жуынбау
Кешке жуынбау – жаман әдет. Себебі бетте шаң мен ластықтың ұсақ бөлшектері болады. Олады жумасаңыз, олар түні бойы теріңізде қалып, тері жаңармайды. Бет жуатын жақсы құрал тауып, күнде кешкісін бетті тазалауды әдетке айналдырыңыз.
Басты төмен салбыратып телефон қарау
Мұндай әдет дене мүсінінің дұрыс қалыптаспауына және бет терісінің салбырап кетуіне, "екінші иектің" пайда болуына әкеледі.
Күннен қорғайтын құрал қолданбау
Күннен қорғайтын кремді тек жағажайға барғанда емес, күнде үйден шығарда жағу керек. Әйтпесе, күн көзіне SPF-құралсыз шықсаңыз, ерте әжім пайда болады және тері қатерлі ісігі қаупі артады.
Тері қатерлі ісігі жайлы не білу керек? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова