- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер өт қызметін...
Дәрігер өт қызметін жақсартатын тағамдарды атады
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында өт қызметін жақсарту үшін қандай тағамдар жеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова дұрыс тамақтануды қолға алмасаңыз, өт қызметі бұзылатынын айтты.
"Егер өңештен өткен тамақтың бәрі ас болады десеңіз, қатты қателесесіз. Асқазанға түскен ас - ағзаның қорегі екені рас. Алайда оны қорытатын өт пен бауырды қайда қоясыз? Жеген асыңызды қорытатын да, реттейтін де - өт. Пайдасыз тағам тұтынуды қоймасаңыз, өтке өкпелемеңіз. Ол толады, майланады, қисаяды, қысқасы, қызмет атқару деңгейі төмен болады", - деп ескертті дәрігер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дәрігер дұрыс тамақтануды дұрыс майлар таңдаудан бастауға кеңес берді.
"Алдымен дұрыс тамақтану кезінде тек дұрыс майларды қолданыңыз. Өйткені май тек тағам дәмін келтіріп қана қоймай, майда ғана еритін А, D, Е, К дәрумндердің сіңуіне көмектеседі. Бұл кезде энергия да көбейеді. Диета ұстасаңыз, өсімдік майларын рационға қосыңыз. Кез келген тағамға пайдалансаңыз, пайдасын тез байқайсыз. Зәйтүн майы, авокадо май, асқабақ майы – ең пайдалы майлар", - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, өт қызметі үшін куркума мен цитрусты жемістердің пайдасы зор.
"Өт ауырған кезде куркуманың орны бөлек. Оның құрамындағы куркумин өт түзілуіне көмектесіп, өт қабы бұлшықеттерінің тегіс болуына жақсы әсер етеді.
Өт ағуын жақсартатын тағамдардың бірі – цитрусты жемістер. Ең қолжетімді жеміс - лимонды пайдалансаңыз, өтіңізге көмектесесіз", - деп кеңес берді невролог.
Дәрігердің айтуынша, одан бөлек мына тағамдар өт қабының жұмысын жақсартады:
- Алма сірке қышқылы;
- Қызылша;
- Шалғам;
- Зімбір;
- Сәбіз;
- Қияр.
- Күнзе, көк пияз;
- Ақ немесе теңіз қырыққабаты;
- Брокколи мен брюссель қырыққабаты;
- Болгар бұрышы;
- Алма;
- Итмұрын.