"Біздің үйдің баласы" дейтін". Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа марқұм күйеуі қандай сый жасағанын айтты

"Біздің үйдің баласы" дейтін". Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа марқұм күйеуі қандай сый жасағанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың бір кездері продюсері Ләйлә Сұлтанқызы болған. Журналист "Ұйқым келмейді" бағдарламасында күйеуі әншіге қандай сый жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Алмас туралы естеліктерді әңгімеледі. Оның сөзінше, өнер иесіне алғашқы көлікті марқұм күйеуі сыйлаған.

"Асқаров көшесінде тұратынбыз. Жиі үйге келіп тұратын. Кішкентай көлігің бар еді. Есіме түсіп отыр, Алмасқа алғашқы көлігін сыйлағанбыз. Mercedes-Benz ML деген. Сочиде өткен үлкен байқауда Алмас жеңіп келді. Сол кезде марқұм Қайрекең "Алмас, сен күшті өнер көрсеттің, міне, біздің саған сыйлығымыз" деп көлікті сыйлаған еді. Серіктестерімен бірге. Сол кезде қатты қуанған еді. "Біздің үйдің баласы" дейтін. Алмас ол кезде жас, ұяң, қарапайым болатын", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Әнші марқұм Қайрат Беркінбаевқа алғысын білдірді.

"Марқұм Қайрат ағаға алғысым шексіз. Бәрі есімде", - деді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова