- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Сұмдықты бастан кешірдім"....
"Сұмдықты бастан кешірдім". Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі ажырасқаннан кейін қандай күйде болғанын айтты
Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі Ляйсира Марат ажырасқаннан кейін қандай күйде болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, отбасылық мәселеден кейін қиын шақты бастан өткерген.
"Бар ауырлықты жан дүниеммен сезіндім. Денем, ағзам, сезімім, эмоциям, жалпы сұмдықты бастан кешірдім. Тыныс ала алмадым, тіпті түсінбедім. Мен тіпті параллель әлемде өмір сүргендей болдым. Әр күнімді екінші бір өмірде сүріп жатқандай сезіндім. Жақындарым келіп, құшақтауға тырысты, бірдеңелер айтып жатты. Бірге шай ішті, күлді, мен де күлдім, есімде. Бірақ мына жерімде тас түйін тұрды. Әлсіреп кеткен кезде таңдауым керек болды: өмір сүру немесе өкінішпен өткенде қалу", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары оған түрлі пікір жазған:
Әлі қимай жүр екен, ауыр сөйлеп отыр. Неге қимайсыз, ол күліп ойнап эфирде жүреді ғой. Ұмытыңыз;
Сізді сондай түсінеміз. Бұл өте ауыр, оның үстіне тосын жағдайда болғанда;
Тым жақсы, әп-әсем, сүйкімді, жүзі жып-жылы адам. Әрқашан да жымиып, көңілді жүріңіз. Балаларыңыз аман болып, ұзақ өмір сүріңіз;
Құдайым-ау, сіз үшін сондай қуаныштымын. Жаныңыз таза;
Жаратушы сізге жар болсын;
Бақытқа лайықсыз;
Бақытты болыңыз, Лайсира ханым. Аллам енді сізді жылатпасыншы. Бақытты болуга лайықтысыз.
Айта кетейік, Ляйсира Марат - кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі. Олар ажырасқан. Тұрсын Алагөзов танымал продюсер Баян Мақсатқызына үйленген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова