- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жұлдыз белгісі бойынша...
Жұлдыз белгісі бойынша кімдер ең жақсы ата-ана болады?
Фото:
ru.freepik.com
Қай жұлдыз белгісі өкілдерінен жақсы ата-аналар шығады? Ол туралы тәжірибелі психоастролог Индира Садыкова өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шаян
Шаяндар – өте мейірімді, олар әрқашан балалармен байланысқа барады. Олар, тіпті, оған қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін өздері балаға айналып кете алады.
Таразы
Таразылар – дипломаттар. Олар қандай жағдай болмасын балаларға қысым көрсетпейді. Олар әрқашан баламен оңай әрі тез келісімге келе алады.
Сарышаян
Сарышаяндардың мінездері қатал болса да, олар үнемі баласының жанында, олар оны әрдайым қолдайды және ештеңеге қарамастан оған толық жауапкершілік алады.
А. Жапатова