Психологиялық тест. Суреттен бірінші не көргеніңізді айтыңыз, біз сізге батыл не сақ екеніңізді айтамыз

Психологиялық тест. Суреттен бірінші не көргеніңізді айтыңыз, біз сізге батыл не сақ екеніңізді айтамыз

Оптикалық иллюзиялар сіз туралы көп нәрсе айта алады. Кейде суреттен бірінші не байқағаныңыз, сіздің қандай адам екеніңізді көрсетуі мүмкін. Суреттен бірінші не көрдіңіз?

Үлкен бас сүйек

Егер бірінші үлкен бас сүйекті көрсеңіз, сіз батыл әрі табанды адамсыз. Қазір ауыр кезеңді бастан өткеріп жатырсыз, бірақ қиындықтарға қарамастан алға қарай жылжып келесіз.

Сіз өзіңізге сенімді адамсыз. Кейде өзіңізден бірдеңені өзгерту керек деп ойлайсыз. Сіз қиындықтар мен өзгерістерден қорықпайсыз. Бірақ өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді пайдаланып үйреніңіз және қажет кезде өз-өзіңізбен жұмыс жасауды ұмытпаңыз. Сіздің батылдығыңыз өміріңіздегі қиын кезеңдерді өткеруге көмектеседі.

Әйел

Егер суреттен бірінші қолын мойнына асып тұрған әйелді көрсеңіз, сіз шешім қабылдап үйренгіңіз келеді. Сіз өміріңізді өзгертетін шешім қабылдағыңыз келеді, бірақ тәуекел етуден қатты қорқасыз.

Сіз өте сақ әрі тұйық адамсыз. Сіз өмірдің ағысымен жүзуді жөн көресіз. Сіз кез келген өзгерістерді қиын қабылдайсыз. Алайда әлемге ашылудан қорықпаңыз, сол кезде мақсатыңызға оңай жетесіз.

А. Жапатова