Қай кезде массаж алуға болмайды? 8 қарсы көрсетілім

Қай кезде массаж алуға болмайды? 8 қарсы көрсетілім
Фото: ru.freepik.com

Дене массажы – жағымды және босаңсытушы процедуралардың бірі. Жақсы массаж зат алмасуды жақсартуға көмектеседі және теріні әдемі әрі серпімді етеді. Ал медициналық массаж көптеген ауруларды емдеуге және кей косметикалық проблемалардан арылуға көмектеседі. Бірақ кей жағдайларда бұл процедураны алу ұснылмайды. Ендеше, массажға қандай қарсы көрсетілім бар?

Жоғары температура

Көпшілік массаж тұмаумен күресуге көмектеседі дегенге сенеді, алайда оны жоғары температура кезінде жасауға болмайды. Себебі массаж жүрек ырғағын бұзып, аурудың жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін. Оған қоса, массаж – қыздыратын процедура. Ол қанайналымды жылдамдатады. Яғни, массаж кезінде температураны шақырған инфекция ағза бойынша жылдам тарауы әбден мүмкін.

Тері аурулары

Мысалы, дерматит, терінің саңырауқұлақ және туберкулезді жұқпасы кезінде массаж алуға болмайды. Себебі теріні белсенді уқалау оны зақымдауы мүмкін және бактерияларды денеге таратып жіберуі мүмкін.

Көктамыр аурулары

Классикалық массаж техникасы теріге терең әсер етіп қана қоймай, тері астындағы тінге және бұлшықеттерге де әсер береді. Процедура кезінде массаж жасаушы қолданатын уқалау, ысқылау және басқа да тәсілдер тіндерге қанның құйылуын арттырады. Сондықтан да көктамырлы аурулары бар адамдарға массаж алу тыйым салынады. Себебі процедура процесі кезінде дененің варикоздан зардап шеккен аймағына қан ағымы артады және аяқ-қолдан қан тасымалдайтын тамырларға күш түседі.

Лимфалық түйіндердің қабынуы

Лимфалық түйіндер кішкентай болса да, олар ағзада маңызды рөл атқарады. Олар ағзаның инфекцияға деген иммунды реакциясының қалыптасуына қатысады және қатерлі ісік жасушаларының таралуына тосқауыл болады. Лимфалық түйіндер өте нәзік болғандықтан және қатты әрі ұзақ механикалық әсерге арналмағандықтан, оларға массаж жасауға болмайды. Оған қоса, массаждық қозғалыстар лимфа әкелетін инфекцияны таратып жіберуі мүмкін. Әсіресе, мойындағы лимфалық түйіндерге массаж жасау қауіпті.

Етеккір

Етеккір кезінде әйелге қосымша жүктеме ұсынылмайды. Етеккір кезінде гормонды фон өзгеретіндіктен, әйел адам күні бойы жағымсыздық, әлсіздік және ішінің ауырғанын сезеді. Хал-жағдайды нашарлатып жібермес үшін бұл кезде массаж алу ұсынылмайды. Сондай-ақ бұл кезде барлық қыздырушы массаждар жасатуға болмайды.

Мас болу

Спиртті сусындар несеп айдағыш әсерге ие, сондықтан да олар ағзаны сусыздандырады. Сондай-ақ алкоголь біздің қан тамырларды кеңейтеді және қозғалыстық белсенділік пен координацияны нашарлатады. Массаж қанайналымды жақсартып, бұлшықеттердегі токсиндерді шығаратындықтан, алкоголь ағза бойына жылдам тарап, онда ұзақ уақыт қалып қояды.

Жедел радикулит

Остеохондроз асқынып кеткен адамдарда жиі радикулит дамиды. Радикулит кезінде кез келген массаж алуға тыйым салынады. Себебі омыртқа аралық дисктерге жасалған белсенді қозғалыстар денсаулыққа байланысты қауіпті проблемаларға әкелуі мүмкін.

Қалқанша без аурулары

Қалқанша без ауруы бар адамдарға мойын, арқаның жоғарғы бөлігі, иық және қолға арналған классикалық массаждар тыйым салынады. Тіндерге жасалған белсенді әсер ауырып тұрған органға қанның құйылуын шақырады, бұл адамның жағдайының нашарлауына әкеледі.

А. Жапатова