Наурызда Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Олар - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 наурызда қалай демаламыз?
2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан 9 наурыз, яғни дүйсенбі де демалыс болады. Ұзақ демалыстан кейін алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.
8 наурыздағы демалыс кестесі:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш күн демалыс, 10 наурыз - жұмыс күні;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова