Қазақстан қай елдерден гүл импорттап отырғаны белгілі болды. Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылы Қазақстан жалпы құны 77,6 млн АҚШ доллары болатын 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.
Гүлдерді негізгі жеткізуші - Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9 пайызы немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген. Сондай-ақ, мына елдерден де әкелінеді:
- Қытай - 2 678 тонна;
- Нидерланд - 1 702 тонна;
- Колумбия - 778 тонна;
- Кения - 739 тонна.
Былтыр әлемнің 45 елінен гүл жеткізілген. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған, көлемі - 6 219 тонна.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова