Парижге жаяу жеткен 76 жастағы қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал жиһанкез, туризм саласының үздігі Сәрсенбай Қотырашовқа "Құрметті спорт қызметкері" атағы табысталды.
Тәжірибелі саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов 2022 жылы 72 жасында Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, 8 мың шақырым жолды жүріп өткен. Осы жетістігі үшін отандық КИнЭС рекордтар кітабына енді.
Ол кейінгі жылдары да халықаралық деңгейдегі жаяу саяхаттарын жалғастырып келеді. 2023 жылы Атыраудан жолға шығып, Кавказ өңірі мен Грузия арқылы Түркияның Ыстамбұл қаласына жетті. Ал 2024 жылы Өскеменнен бастап Алтай, Моңғолия арқылы Қытай астанасы Бейжіңге дейін барды. 2026 жылғы 3 наурызда басталған кезекті сапары аясында Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия және Франция елдерін жаяу жүріп өтіп, жуырда ғана елге оралды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!